Заболеваемость раком желудка, эпидемиологическая ситуация в Южно-Казахстанской области

ЖҰМАҒАЛИ Д.Ж.1 , ОРМАНОВ Н.К.2 , МАДИЛОХОДЖАЕВ Р.С.1

1. Южно-Казахстанский областной онкологический диспансер, г. Шымкент
2. Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия, г.Шымкент

Тип: Тезисы

УДК:

Год: 2011 выпуск: 21 номер: 4 страницы: 71-71

Реферат: Мəсееленің маңыздылығы: Қазіргі таңда, дүниежүзінде асқазан рагі (АР) қатерлі ісік аурулары арасында өкпе рагінен соң екінші орындарды алады жəне бір жылда 1 млн. астам науқастар осы аурудан көз жұмады. Ал Қазақстан Республикасында 2010 жылы асқазан рагі 100 мың халыққа шаққанда 16,3 көрсетіп төртінші орынды алса, ал ең жоғарғы көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (24,0), Ақмола (22,1), Шығыс Қазақстан (22,0) облыстарында орын алып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы жылдарда сүт безі рагі алғашқы орында келсе, ал 2011 жылдың 7 айында асқазан рагі бірінші орынға шыққан жəне де алғаш рет анықталғандардың 17,5 пайызы ғана бірінші-екінші сатысында анықталса 25,4 пайызы төртінші сатысында анықталған.
Осы мерзімде қайтыс болғандарды бөлгенде бірінші орында асқазан рагі 171 науқас (21,2 пайыз), Сондықтан, қазіргі таңда ғылыми сарапталған жаңа əдістері асқазан ісік алды жəне ісік ауруларының алдын алуда маңызды орын алуы тиіс. Зерттеу мақсаты: Статистикалық көрсеткіштер негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) бойынша асқазан рагінің эпидемиологиялық жағдайын зерделеу. Зерттеу материалы: ОҚО 2006-2010 жылдар аралығында жəне 2011 жылдың 7 айындағы алғашқы рет асқазан рагімен тіркеуге алу мəлімдемесіне жəне де арнайы қолданыстағы №35,7 есептік нысаналарға сүйене, тағы да қазіргі таңдағы онкологиядағы қолданыста жүрген жалпы санитарлық статистикалық əдістер негізінде көрсеткіштер алынған. Нəтижесі: ОҚО бойынша 2010 жылы 2390 науқас қатерлі ісіктермен диспансерлік есепке алғаш рет алынған болса, соның ішіңде асқазан рагімен 266 науқас тіркеліп, сүт безі рагінен соң екінші орында болатын.Оларды жынысына қарап бөлгенде 162 ер кісі (60,9 пайыз), ал 104 əйел кісі (39,1 пайыз). Аурушаңдық деңгейі де кейінгі жылдарда төмендеу байқалған, атап айтқанда 2006–2010 жылдар 100 000 халыққа шаққанда 13,2 ден 10,4 азайған. Ал 2011 жылдың 7 айында асқазан рагімен 212 науқас диспансерлік есепке алғаш рет алынған жəне бірінші орынға шыққан. Асқазан рагімен анықталғандарды жасына қарап бөлсе, 2006 жылы 15-50 жаста 36 науқас (13,1 пайыз), 50-60 жаста 50 науқас(18,2 пайыз), 60-70 жаста 97 науқас (35,2 пайыз), 70-80 жаста 81 науқас (29,4 пайыз), 81 жас жəне жоғары 10 науқас (3,6 пайыз), салыстырмалы 2010 жылы 15-50 жаста 35 науқас (13,1 пайыз), 50-60 жаста 53 науқас (19,9 пайыз), 60-70 жаста 94 науқас (35,3 пайыз), 70-80 жаста 66 науқас (24,8 пайыз), 81 жас жəне жоғары 17 науқас (6,3 пайыз) болған.
Алғашқы ерте кезеңде(1-2 сатысында) анықталуы 2006 жылы 16,7 пайыз,ал 2010 жылы 16,8 пайыз айтарлықтай кейінгі бес жылда алға үлгерілеу байқалмайды, асқынған төртінші сатысында 2006 жылы 25,4 болса, 2010 жылы 25,1 азаймаған. Ауырғыштығы ОҚО бойынша 2006 жылы 27,1 ( 100 000 халыққа шаққанда) болса, ал 2010 жылы 26,7 айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бір жылдық өлім асқазан рагінен 2006 жылы 36,7 пайыз (772 науқас), 2010 жылы 29,7 пайызға төмендеген. Науқастардың 5 жыл жəне одан артық өмір сүруі 2006 жылы 133 науқас 23,3 пайыз болса, ал 2010 жылы 279 науқас 41,2 пайызға өскен, бірақ бұл төмен көрсеткіш. Тұжырым: Қорыта айтқанда,асқазан рагінің статистикалық көрсеткіштерінің өзгеріссіз қалыпты деңгейде қалуы, бұл мəселенің шешілмей келе жатқандығын көрсетеді.Арнайы емнің толық жүргізілуі өз нəтижесін бергеніне қарамастан асқазан рагін ерте анықталмай, асқынған кезеңде кеш анықталуы негізгі мəселе. Бұл бастапқы медициналық санитарлық көмек деңгейінде асқазан рагіне соқтыратын ауруларды алдын ала анықтау, емдеу, сауықтыруды жəне оны алғашқы кезеңінде анықтау өз деңгейінде жургізгенде ғана, осы ауруды жəне өлімді азайтуға, 5 жыл жəне одан артық өмір сүруін арттыруға мүмкіндік туындайды деп ойлаймыз. Сондықтан 2011-2015 жылдарға арналған ҚР онкологиялық қызметті жетілдіру стратегиялық жоспарды орындау маңызды орын алады,ал өңеш, асқазан жəне ішек жолдарынада скринингтік профилактикалық тексеру енгізу, бұл өмір талабы.

Скачать PDF: 2011.4.21_14_07.pdf

Ключевые слова: заболеваемость раком желудка, эпидемиологическая ситуация, южно-казахстанская область

Ссылка: Жұмағали Д.Ж. , Орманов Н.К. , Мадилоходжаев Р.С. Заболеваемость раком желудка, эпидемиологическая ситуация в Южно-Казахстанской области. Онкология и радиология Казахстана, 2011, 21 (4), 71-71.

Ошибка: Контактная форма не найдена.