Эпидемиология рака желудка

ИГИСИНОВ С.И.1 , КАЙДАРОВ Б.К.1 , ЕСЕНКУЛОВ А.Е.1

1. КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова

Тип: Тезисы

УДК:

Год: 2011 выпуск: 21 номер: 4 страницы: 98-99

Реферат: Асқазан рагының (АР) эпидемиологиялық ерекшелігін анықтау үшін Қазақстандағы 2006-2008 жылдар арасындағы мəліметтер сарапталған. Жер шары бойынша АР аурушаңдық көрсеткіші əртүрлі деңгейде тіркелген, оның ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Жапонияда анықталған, онда еркектер арасында бұл көрсеткіш 69,2%ооо; əйелдерде – -28,6%ооо тең болған, ал ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Африкада қатталған. АР дүние жүзі бойынша барлық қатерлі ісіктердің ішіндегі меншікті үлесі 8,7% тең болған, ал Ресейде – 10,2 % құрап, ол өкпе, тері рагынан кейін үшінші орында түр. Қазақстанда бұл көрсеткіш бірқалыпты деңгейде: 10,0 -– 10,2% құрап, барлық қатерлі ісіктердің ішінде 4- орынды алады. Еркектер арасында асқазан рагы (2006-2008 жж.) өкпеден кейін (22,0-28,0%) нақты екінші орында (12,7-13,2%), ал əйелдерде – сүт безі (19,8%),– тері (11,9%), жатыр мойыны (8,3%) қатерлі ісіктерінен кейін 4- орында (7,4%) тұр. АР аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның əрбір облыстарында бір қалыпты тарамаған, ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Шығыс-Қазақстан (22,2%ооо), Қарағанды (21,5%ооо), Павлодар (27,0%ооо) жəне Ақмола (22,0%ооо) облыстарында тіркелген, сонымен қатар ең төменгі көрсеткіш Жамбыл (13,4%ооо), Оңтүстік Қазақстанда (12,1%ооо), Атырау (13,4%ооо), Маңғыстау (12,4%ооо) облыстарында жəне Астана қаласында (12,9%ооо) анықталған. АР Қазақстанның аймақтары бойынша аурушаңдық ерекшелігі осы заңдылыққа сəйкес келеді. Асқазан рагының ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның Шығыс (24,6%ооо), Орталық (21,8%ооо) жəне Солтүстік (16,8%ооо) өңірінде жəне Алматы (19,2%ооо) мен Астана(19,0%ооо) қалаларында анықталса, ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік аймақта (14,4%ооо) тіркелген.
Жалпы Қазақстан бойынша орташа асқазан рагының аурушаңдық көрсеткіші 18,3%ооо. Жас пен жыныс аралық аурушаңдық ерекшеліктерінде, еркектер (13,2%ooo) əйелдерге қарағанды (7,4%ooo) екі есе жиі ауырады. Жас адамдарда асқазан рагы сирек кездеседі де, жас өскен сайын аурушаңдық көрсеткіші едəуір өсе түседі, əсіресе 60 пен 65 жас аралығындағы адамдарда. Қазіргі таңда АР мен созылмалы ойық жарасы бар науқастарда жұқпаның рөлі, соның ішінде – Helicobacter pylori (Hp) бактериясы негізгі себептің бірі ретінде қаралып, бұл феномен ісіктің морфологиялық құрылысына байланыссыз екені анық болып отыр. Бұдан да басқа себептердің де маңызы зор, соның ішінде – жайылмалы клеткалы ракта – тұқым қуалаушылықтың жəне тағамның рөлі басымырақ, Түйінді (интестинальды) ракта тағаммен бірге түсетін, не асқазанда пайда болатын канцерогендік заттардың (нитрозамин, афлотоксин, т.б.) жəне де, ұлтабардан асқазанға келетін өт қышқылының рөлі ерекше болып отыр. АР сақтану шараларына – тағамдану ережесін дұрыс сақтау, канцерогендерді тағаммен бірге түсуді шектеу, олардың зиянды іс-əрекеттерін тежейтін витаминдерді қабылдау – ең негізгі сақтану шара деп саналады. Осындай негізгі шараларға жататындар: – көкөністерді күніне 4-5 рет қолдану, – күйдірілген, ысталған, тұзды астардан жəне майлы тағамдарды аз қолдану, – арақты аз ішу, – темекі тартпау, – азотты тыңайтқыштарды (нитрит, нитрат, аммиак) ауыл шаруашылығында, бақшаларда аз пайдалану.

Скачать PDF: 2011.4.21_14_16.pdf

Ключевые слова: эпидемиология рака желудка

Ссылка: Игисинов С.И. , Кайдаров Б.К. , Есенкулов А.Е. Эпидемиология рака желудка. Онкология и радиология Казахстана, 2011, 21 (4), 98-99.

Ошибка: Контактная форма не найдена.