Эпидемиология рака пищевода

ИГИСИНОВ С.И.1 , КАЙДАРОВ Б.К.1 , ЕСЕНКУЛОВ А.Е.1

1. КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова

Тип: Тезисы

УДК:

Год: 2011 выпуск: 21 номер: 4 страницы: 100-100

Реферат: Өңеш рагының (ӨР) эпидемиологиялық ерекшелігін анықтау үшін Қазақстандағы 2006-2008 жылдар арасындағы мəліметтер сарапталған. Жер шары бойынша ӨР көп тараған жерлеріне – Солтүстік Иран, Қытайдың кейбір аудандары, Оңтүстік Африка, Түрікменстан жəне Өзбекстан жатады. Қазақстан бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының ішінде ӨР өзіндік салмағы еркектерде -5,6%, əйелдерде – 4,5% құраса, ал жалпы үлесі бойынша 5- орында, өкпе, тері, сүт безі жəне асқазан рактарынан кейін тұр. Ерлер арасында 4-орынды, ал əйелдер арасында 7-орынды алады. 1980 жылдан бастап, Қазақстанда ӨР аурушаңдық көрсеткіші төмендеуде. 1980 жылғы көрсеткіші – 20,3%ooo болса, 1990 жылы –15,0%ooo, 2000 жылы – 11,2%ooo, ал 2005жылы – 9,3%ooo дейін төмендеп, соңғы 2006-2008 жылда – 8,9%ooo тен болған. Мұндай қарқын республиканың барлық облыстарында да байқалып отыр. 1989 жылы аурушаңдық көрсеткіші жоғары болған Батыс аймағындағы –Атырау (30,1%ooo), Ақтөбе (23,1%ooo) жəне Батыс Қазақстан (25,6%ooo) облыстарында тіркелсе, ал осы баламалы көрсеткіш 2008 жылы – 14,0%ooo, 14,5%ooo жəне 17,5%ooo, сəйкестікте, тең болып, шамамен 1,5-2,0 есе төмендеп отыр.
Республика бойынша (2006-2008 жж.) ӨР ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші – Қызылорда (23,0%ooo), Батыс Қазақстан (17,2%ooo), Маңғыстау (13,9%ooo), Атырау (13,8%ooo) жəне Ақтөбе (14,1%ooo) облыстарында тіркелсе, ал өте сирек кездесетін жерлерге – Алматы (6,2%ooo), Астана (4,2%ooo) қалалары мен Жамбыл (7,2%ooo), Солтүстік Қазақстан (7,1%ooo) жəне Оңтүстік Қазақстан (7,7%ooo), соның ішінде орташа аурушаңдық көрсеткіш – Ақмола (8,2%ooo), Павлодар (8,2%ooo) жəне Шығыс Қазахстан (9,3%ooo) облыстарында анықталған. Өңеш рагының Республикамызда жиі тараған аймақтарына – Батыс (14,7%ooo) пен Оңтүстік (11,1%ooo) өңірінің тұрғындары орын алады, ал ең төменгі көрсеткіші Орталық (7,3%ooo) пен Солтүстік (7,3%ooo) өңір мен Алматы (5,2%ooo) жəне Астана (4,2%ooo) қалаларында анықталған. Сонымен Қазақстанда жиі кездесетін аймақтардағы қазақ ұлтының тұрғындары, басқа ұлттармен салыстырғанда, өңеш рагымен 5-10 есе жиі ауырады. Əлемдік стандарт бойынша анықталған еркектер арасындағы аурушаңдық көрсеткіш, əйелдерге қарағанда 6 есе жиі болған. Жас ұлғайған сайын аурушаңдық көбейе береді де, – ең жоғарғы көрсеткіш егде жастағы адамдарда кездеседі, ал 60 жастан асқандар, 40-49 жастағыларға қарағанда 10 есе жиі аурады. Соңғы жылдары онкоэпидемиологиялық зерттеулердің нəтижесінде ӨР таралу ерекшеліктері де анықталып отыр. Соның ішінде көршілес Қырғызстанда жүргізілген ғылыми жұмыс бойынша (С.И.Игісінов), ӨР таулы аймақтағы ерекшелігі байқалып, оның аурушаңдық көрсеткіші теңіз деңгейіне байланыстығы анықталған.
Халықтардың теңіз деңгейінен бастап, одан төмен жəне биікті жерлерде қоныстануына қарай, өңеш рагының аурушаңдық көрсеткіші əрбір 200- 500 метрге биіктеген сайын төмендей берген. Қазақстандағы Атырау облысындағы (-28,5 тен 100 м. дейін) тұрғындардың ӨР аурушаңдық көрсеткіші, Қырғызстандағы Нарын облысымен (2500 м ) салыстырғанда 17 есе, Ыстық-Көл облысымен (1600 м.) – 9 есе, Чуй облысымен (1200 м.) – 8 есе артық кездескен. Сонымен қатар таулы жерде тұратын елдердің этникалық тобына байланысты ерекшелігі анықталған. Жергілікті қырғыздардың ӨР аурушаңдығы, сол жерде тұратын қазақтармен салыстырғанда 2-3 есе сирек шалдығатыны, ал Қырғызстанда тұратын қазақтар, тарихи отанында тұратын отандастарымен салыстырғанда 5 есе кем ауратыны анықталған. Бұл көрсетілген өзгешіліктер таулы жердегі гипоксиямен байланыстылығы дəлелденген. Жалпы қатерлі ісіктер, оның ішінде өңеш рагы, таулы гипоксияға бейімделген адамдарда сирек кездесетіні анықталған жəне де, табиғи жер бетінде ағатын, оның астындағы сулардың, топырақтың нитрозаминді құратын заттар мен ыластануына байланыстығы дəлелденген.

Скачать PDF: 2011.4.21_14_16.pdf

Ключевые слова: рак пищевода, эпидемиология

Ссылка: Игисинов С.И. , Кайдаров Б.К. , Есенкулов А.Е. Эпидемиология рака пищевода. Онкология и радиология Казахстана, 2011, 21 (4), 100-100.

Ошибка: Контактная форма не найдена.