Диагностические ошибки врачей в онкомаммологии

ЕСЕНКУЛОВ А.Е.1 , КАЙДАРОВ Б.К.1 , ЕСЕНКУЛОВА С.А.1 , ИГИСИНОВ С.И.1

1. КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова

Тип: Тезисы

УДК:

Год: 2011 выпуск: 21 номер: 4 страницы: 99-100

Реферат: Сүт безінің рагы (СБР) Қазақстанда жыл сайын өсуде, өсу қарқыны 3-5,0% тең, ал ол əйел ағзасындағы барлық ісіктердің 19-20,0% құраа, қазір ең бірінші орында. Жыл сайын бұл ісік ауруының Ш-1У- сатысында анықталатын үлесі Республика бойынша 28,7%. Соның ішінде алғашқы рет 1Усатысындағысы 6,4%. Сондықтан бұл ауруды алғашқы сатысында анықтау медицина ғылымымен тəжірибелік денсаулық сақтау мекемелерінің негізгі мақсаты болып саналады, себебі жыл сайын алғаш рет тіркелген науқастың асқынған сатысының өсуі тек жалпы дəрігерлердің қателігінен туындап отыр. Осыған байланысты бұл мақалада дəрігерлік қателіктердің неден туындайтыны туралы сөз болмақ. Өкінішке орай бұл мəселе арнайы əдебиеттерде аз кездеседі жəне жан-жақты талқыланбаған.
Сонымен бұл мақаланың мақсаты мыналарға сүйенеді: 1- сүт безі рагында дəрігерлердің диагностикалық қателіктерін, олардың жиіліктерін, себептерін анықтау; 2Ккиникалық əдістердің құндылығын дəлелдеу; 3- қателіктерді жою мүмкіншіліктерін қарастыру жəне оларды тəжірибелік медицинаға ұсыну. Зерттеудің мақсаттарына сəйкес 1124 науқастың даму тарихын сүйене отырып, көру сипау кезіндегі көрністері, 550 морфологиялық зерттеулердің қортынды нəтижелері мен салыстырылып, олардың клиникалық, диагностикалық əдістің құндылығы анықталды. Зерттеу жұмыстарының нəтижелеріне байланысты, тек науқастың анамнезі бойынша 55,0±2,4% жағдайда, ал ісікті көру арқылы – 55,0±2,1%, оны сипап анықтауда 60,0±2,0% диагноз дəл қойылған.. Ал енді бұл əдістер қосарланып қолданса, онда диагностикалық дəлдік 70,0±1,9% жеткен. Осы талдаудың нəтижесінде анықталған дəрігерлік қателіктер: Дəрігерлердің науқаспен сұхбаттасу кезінде, анамнезін толық жинамауы (10,0%); Əйел ағзасындағы табиғи қызметтерінің (етеккір, жыныстық қатынас, бала көтеру жəне оны емізу) жан-жақты жиналмауы (5,0%); Ағзадағы созылмалы ауруларды жəне тұқым қуалаушылық факторды ескермеуі (7,0%); Иммунды, эндокринологиялық бұзылыстарды дұрыс анықтай алмауы (5-10,0%); Науқасты тексеру кезінде емшекті сипау дұрыс жүргізілмей, оны жарық емес бөлмеде өткізуі (3,0%); Əр əдістің нəтижелері бір-бірімен салыстырылмауы (20,0%); Дəрігердің білімі жеткіліксіздіктен клиникалық белгілерді қате есептеуі (15-20,0%); Сонымен дəрігерлердің диагностикалық, клиникалық əдістерді қолдану кезінде қателесуі 50-60,0% жағдайда орын алған, ал тек əдістердің барлығын қосарлана қолданғанда ғана дəрігерлік қателіктердің үлесі 20-30,0% кеміген,.
Барлық диагностикалық қателіктер объективті, субъективті факторларға байланысты болғандықтан, осы кателіктердідің үлесін азайту үшін дəрігерлердің онкологиялық білімдерін ұдайы жетілдіріліп отырылуы керек. Клиникалық диагностикалық əдістер (анамнез, көру, сипау) стандартты жүйеде орындалатындықтан оларды дұрыс қолдану, СБР анықтаудың негізі болады,. СБР дер кезінде дəл анықтаудың негізі- осы көрсетілген əдістерді кешенді түрде жүргізіп, олардың нəтижелерін салыстыра отырып талдау онкологиялық қағидалардың орындалуына мүмкіндік тудырады жəне оның алғашқы сатысында анықтауға мұмкіндік береді. Дəрігерлік қателіктержалпы дəрігерлікмəжілісте дер кезінде талқыланып, одан ракка қарсы ұйымдастыру шаралары жасалса, сонда ғана көздеген мақсатқа жетуге болады.

Скачать PDF: 2011.4.21_14_16.pdf

Ключевые слова: диагностические ошибки врачей, онкомаммология

Ссылка: Есенкулов А.Е. , Кайдаров Б.К. , Есенкулова С.А. , Игисинов С.И. Диагностические ошибки врачей в онкомаммологии. Онкология и радиология Казахстана, 2011, 21 (4), 99-100.

Ошибка: Контактная форма не найдена.