САЙЫН САДЫҚҰЛЫНЫҢ ТҰЛА БОЙЫ ТҰНЫП ТҰРҒАН ТАРИХ, ШЕРТІП ҚАЛСАҢ ШЕЖІРЕ, ДӘРІГЕР РАДИОЛОГ, ҒАЛЫМ ЖӘНЕ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

К. ТОЛЕУТАЙУЛЫ 1, У.Қ. ЖҰМАШЕВ 1, Т.Т. САДЫКОВА1, С.А. ЕСЕНКУЛОВА1, А.К.ДЖАКИПБАЕВА 1, А. АҚБАР 1

1. «С.Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ, АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

DOI: https://www.doi.org/10.52532/2521-6414-2023-1-67-68-72

ОӘЖ: 616.006:615.849:929

Жыл: 2023 шығарылуы: 67 номер: 1 страницы: 68-72

Скачать PDF: 2012.2-3.24-25_10.pdf

АҢДАТПА

Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, жоғарғы санатты дәрігер радиолог, тәжірибелі педагог Сайын Садықұлы Садықов 1943 жылы 6 ақпанда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының Тасқабақ (Оймауыт) ауылында дүниеге келген. 1991 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.
Денсаулық сақтау тәжірибесіне оның ашқан жаңалықтарын енгізу нәтижесінде өкпе, өңеш, жатыр, жұтқыншақ қатерлі ісіктерімен ауырған науқастардың өмір сүруі сапасы жақсарды.
– Ұстаздық ұрпақ тәрбиесі тұрғысынан өте жауапты, әрі қажетті мамандық, ұстаз әр балаға ерекше мейріммен өз баласындай көріп, жалықпай білім мен тәрбие беруі керек-дейді Сайын Садықұлы.
Садықов С. – 230-дан астам ғылми жұмыстардың авторы. Соның ішінде 6 монография, 11-оқулық, 3 тиімді ұсыныстар, 1 авторлық куәлік жазған. Осы жазған еңбектерінің 90% ана тілінде. Оның медицина саласында қазақ тілін дамытуда, әсіресе сәуле көзімен емдеуде қосқан үлесі орасан зор.

Көп жылғы еңбегі үшін С. Садықов бірнеше медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Бүгінде сексен жасқа толған мерейлі той үстінде Саин Садықұлының қанша жасқа келседе қартаймауына, асқар таудай балаларының әкесі барда ешқашан ортаймауына, той-тойға ұласып, жасқа жас қосылып, ұзақта бақытты ғұмыр кешуіне тілек білдіреміз!

Error: Contact form not found.