COVID-19 ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ЖОҒАРЫТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СӘУЛЕЛІК ТЕРАПИЯ

Е.И. Ишкинин 1, Р.Б. Раймбеков 1, К.Д. Датбаев 1,2, А.А. Гончарова 2, Р.У. Ахунова 1, А.К. Омарова 1, С.О. Осикбаева 2, Ф.А. Хожамкул 2, М.С. Омирзак 2, О.К. Сейтов 1,2, Ж.Т. Худайбергенов 1,2, Н.А. Омарбаева 2

1. ШЖҚ «Алматы онкология орталығы» КМК, Алматы, Қазақстан Республикасы;
2. «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ, Алматы, Қазақстан Республикасы

DOI: https://www.doi.org/10.52532/2521-6414-2023-1-67-10-13

УДК: 616-006.04:036.21+578.834.1+615.371

Жыл: 2023 шығарылуы: 67 номер: 1 страницы: 4-9

Скачать PDF: 2012.2-3.24-25_10.pdf

ТҰЖЫРЫМ

Өзектілігі: Қазіргі уақытта вакцинация мәртебесі мен көлеміне және онкологиялық науқастарды СOVID-19-ға қарсы вакцинациямен қамтуға байланысты СOVID-19-дың онкологиялық аурудың ағымына әсері туралы деректер пайда болды.
Зерттеудің мақсаты СOVID-19-ға қарысы егілген екпенің мәртебесі мен көлеміне байланысты онкологиялық процестің ағымына жеделдетілген жоғары технологиялық сәулелік терапияның әсер етуін бағалау.
Әдіс-тәсілдері: Бұл сандық және сапалық перспективті рандомизацияланған бақыланатын ғылыми зерттеу «COVID-19 пандемиясы жағдайында онкологиялық науқастарды басқаруға инновациялық көзқарас» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды, тіркеу нөмірі AP13068657.
Зерттеуге мультидисциплинарлық топтың шешімімен РТ курсы тағайындалған 114 онкологиялық науқастар және 107 онкологиялық науқастардың бақылау тобы қатысты.
Нәтижелер: жалпы зерттеуге қатысқан 221 пациенттің 54-де (24,4%), яғни стандартты сәулелік терапия тобындағы 24 пациентте (22,4%) және эксперименттік сәулелік терапия тобындағы 30 пациентте (26,3%) ғана COVID-19 анықталды. Зерттеуге қатысқан 221 пациенттің 49-на (22,2%) ғана екпе егілді. Бұл ретте COVID-19 сырқаты екпе егілгеннен кейін 2 ай өткен соң эксперименттік терапия (1,5%) тобындағы сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын тек 1 пациентте ғана анықталды. Және қуық асты безінің қатерлі ісігімен ауыратын 2 пациентте екпе егілгеннен кейін шамамен 4 айдан кейін COVID-19 анықталды. Сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын стандартты терапия тобындағы пациенттердің рецедивсіз өмір сүруі 59 (85,5%) болса, эксперименттік терапия тобындағы пациенттерде рецедивсіз өмір сүру 58 (85,3%)-ды құрады. Сүт безі обыры пациенттерінің жалпы өмір сүру деңгейі стандартты терапия тобында 69 (100,0%) және эксперименттік терапия тобында 68 (97,0%). Қуықасты безі қатерлі ісігі пациенттерінің рецидивсіз өмір сүруі стандартты терапия тобында 32-де (84,2%) және эксперименттік терапия тобында 41-де (89,1%) пациентте байқалды. Қуық асты безінің қатерлі ісігі науқастарының жалпы өмір сүру деңгейі стандартты терапия тобында 34 (89,5%) және эксперименттік терапия тобында 45 (97,8%) құрайды. Өлім-жітім жағдайлары COVID-19-бен байланысты емес. Жеделдетілген жоғары технологиялық сәулелік терапиямен Сүт безі қатерлі ісігін емдеудің орташа ұзақтығы 12,9 күн, ал қуықасты безінің қатерлі ісігін емдеудің ұзақтығы 18,2 күнге аз болады.
Қорытынды: Қазақстанда COVID-19-бен 23020 онкологиялық науқас ауырды, оның ішінде 2020-2021 жылдары 1097 (4,8%) пациент қайтыс болды. Жеделдетілген жоғары технологиялық сәулелік терапияны қолдану COVID-19 пандемиясы жағдайында негізделген. Екпе егу онкологиялық науқастарда COVID-19 дамуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: сәулелік терапия, пандемия, COVID–19, онкология, вакцинация.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Chen N., Zhou M., Dong X., Qu J., Gong F., Han Y., Zhang L. Epidemiological and clinical characteristics of 99 cases of 2019 novel coronavirus pneumonia in Wuhan, China: a descriptive study // Lancet. – 2020. – Vol. 395 (10223). – P. 507-513. https://doi.org/10.1016%2FS0140-6736(20)30211-7
2. Hui D.S., I Azhar E., Madani T.A., Ntoumi F., Kock R., Dar O., Ippolito G., Mchugh T.D., Memish Z.A., Drosten C., Zumla A., Petersen E. The continuing 2019-nCoV epidemic threat of novel coronaviruses to global health – The latest 2019 novel coronavirus outbreak in Wuhan, China // Int. J. Infect. Dis. – 2020. – Vol. 91. – P. 264-266. https://doi.org/10.1016/j.ijid.2020.01.009
3. WHO Director-General’s opening remarks at the media briefing on COVID-19 – 11 March 2020
4. Epic Research. Delayed cancer screenings. May 4, 2020. https://epicresearch.org/articles/delays-in-preventive-cancer-screenings-during-covid-19-pandemic
5. Kissler S.M., Tedijanto C., Goldstein E., Grad Y.H., Lipsitch M. Projecting the transmission dynamics of SARS-CoV-2 through the postpandemic period // Science. – 2020. – Vol. 368 (6493). – P. 860-868. https://doi.org/10.1126/science.abb5793
6. Yu J., Ouyang W., Chua M.L.K., Xie C. SARS-CoV-2 transmission in patients with cancer at a tertiary care hospital in Wuhan, China // JAMA Oncol. – 2020. – Vol. 6 (7). – P. 1108-1110. https://doi.org/10.1001/jamaoncol.2020.0980
7. Burki T.K. Cancer guidelines during the COVID-19 pandemic // Lancet Oncol. – 2020. – Vol. 21 (5). – P. 629-630. https://doi.org/10.1016/S1470-2045(20)30217-5
8. Liang W., Guan W., Chen R., Wang W., Li J., Xu K., Li C., Ai Q., Lu W., Liang H., Li S., He J. Cancer patients in SARS-CoV-2 infection: a nationwide analysis in China // Lancet Oncol. – 2020. – Vol. 21 (3). – P. 335-337. https://doi.org/10.1016%2FS1470-2045(20)30096-6
9. Delaney G., Jacob S., Featherstone C., Barton M. The role of radiotherapy in cancer treatment: estimating optimal utilization from a review of evidence-based clinical guidelines // Cancer. – 2005. – Vol. 104 (6). – P. 1129-1137. https://doi.org/10.1002/cncr.21324
10. Rosenblatt E., Acuña O., Abdel-Wahab M. The challenge of global radiation therapy: an IAEA perspective // Int. J. Radiat. Oncol. Biol. Phys. – 2015. – Vol. 91 (4). – P. 687-689. https://doi.org/10.1016/j.ijrobp.2014.12.008
11. Fowler J.F., Lindstrom M.J. Loss of local control with prolongation in radiotherapy // Int. J. Radiat. Oncol. Biol. Phys. – 1992. – Vol. 23 (2). – P. 457-467. https://doi.org/10.1016/0360-3016(92)90768-D
12. Ishkinin Y.I., Ibrayev R.Z., Raimbekov R.B., Datbayev K.D., Akhunova R.U., Raimzhanov K.B., Goncharova A.A., Kaldarbekova G.M., Turlybek Zh.G. Radiation therapy services during the COVID-19 pandemic. Oncology and Radiology of Kazakhstan. – 2021. – Vol. 60 (2). – P. 22-24. https://doi.org/10.52532/2663-4864-2021-2-60-22-24
13. Simcock R., Thomas T.V., Estes C., Filippi A.R., Katz M.S., Pereira I.J., Saeed H. COVID-19: Global radiation oncology’s targeted response for pandemic preparedness // Clin. Transl. Radiat. Oncol. – 2020. – Vol. 22. – P. 55-68. https://doi.org/10.1016/j.ctro.2020.03.009

Error: Contact form not found.