Онкологическая смертность в Южно-Казахстанской области

ЖҰМАҒАЛИ Д.Ж.1

1. Южно-Казахстанский областной онкологический диспансер, г. Шымкент

Тип: Тезисы

УДК:

Год: 2011 выпуск: 21 номер: 4 страницы: 71-72

Реферат: Мəселенің маңыздылығы: Қазіргі таңдағы қоғамда онкологиялық аурулар мəселесі маңызды болып табылып, дүниежүзі ғалымдарын осы мəселені қалай шешу керектігі ойландыруда. Атап айтқанда, дүниежүзінде жылда 9 млн. адам өмірінде алғаш рет диспансерлік есепке онкологиялық аурулармен алынса, 5 млн адам жылына қайтыс болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша 2020 жылы онкологиялық аурулармен өмірінде алғаш рет диспансерлік есепке алынғандар саны 20 000 000 жетсе, ал қайтыс болғандар саны 12 000 000 асады делінген. Осыған қарамастан Қазақстанда онкологиялық аурулардан қайтыс болғандар соңғы бес жылда 100 000 халыққа шаққанда 115,0 ден 104,0 дейін төмендеген, ал Оңтүстік Қазақстан облысы бойыншада 2006 жылы 60,1 болса, ал 2010 жылы 53,9 дейін төмндеген. Бірақ соңғы 2009-2010 жылдарда облыс көлемінде онкологиялық аурулардың аурушаңдығының өсімі байқалады, демек жалпы өлім санының өсуі белең алуы мүмкін.
Зерттеу мақсаты: Статистикалық көрсеткіштер негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) бойынша онкологиялық аурулардан қайтыс болуын зерделеу. Зерттеу материалы: ОҚО 2006-2010 жылдар аралығы мен 2011 жылдың 7 айындағы сапалы көрсеткіштердің бірі онкологиялық аурулардан қайтыс болғандарды тіркеуге алу мəлімдемесіне жəне де арнайы қолданыстағы №35, 7 есептік нысаналарға сүйене, тағы да қазіргі таңдағы онкологиядағы қолданыста жүрген жалпы статистикалық əдістер негізінде көрсеткіштер алынған. Нəтижесі: ОҚО бойынша 2006 жылы онкологиялық аурулардан қайтыс болғандар саны болса, оны 100 000 халыққа шаққанда 60,1 болған. Бұл көрсеткіш 2007 жылы 63,7 дейін өскен, бірақ 2010 жылы 53,9 дейін төмендеген. Ал 2011 жылдың 7 айында 803 науқас қайтыс болса, 100 000 халыққа шаққанда 31,6 ал 2010 жылдың 7 айында 733 науқас қайтыс болған 30,4 , салыстырмалы алғанда 1,4 өсім байқалады. Осы анықталған 803 науқастың 153 науқас бір жылға дейін (19,05 пайызы) қайтыс болса, 650 науқас бір жылдан асқан соң қайтыс болған.
Оларды жасына қарап бөлгенде 41-60 жас аралығында 29,4 пайызы ( 235 науқас ), 61-70 жаста 28,1 пайызы (225 науқас), 71 жастан жоғары 34 пайыз (273 науқас) құраған. Ал сатыға бөлгенде екінші сатысында 93 науқас (11,5 пайыз), үшінші сатысында 425 науқас (53,0 пайыз), төртінші сатысында 276 науқас (34,5 пайыз) болған. Екінші жағдайдағы 650 науқастың екі жылға дейін 367 қайтыс болған (56,4 пайызы). Қатерлі ісіктің орналасуына қарап қайтыс болғандарды бөлгенде бірінші орында асқазан рагі 171 науқас (21,2 пайыз), екінші орында өңеш рагі 109 науқас (13,5 пайыз), үшінші орында өкпе рагі 83 науқас (10,3 пайыз), төртінші орында ұйқы безі рагі 78 науқас (9,7 пайыз), бесінші орында бауыр рагі 67 науқас ( 8,3 пайыз) болған.
Тұжырым: Қорыта айтқанда, жалпы өлім 2011 жылдың 7 айында 100 000 халыққа шаққанда 1,4 өскен, ал қайтыс болған науқастардың 62,1 пайызы 61 жастан асқандар болса, олардың 74,5 пайызы екі жылға дейін қайтыс болғандар, демек кеш анықталуы жəне де орналасуына қарап 63 пайызы негізгі асқазан, өңеш, өкпе, ұйқы безі, бауыр рактерінен, ал аурушаңдықтың өсуімен қатар өлімнің өсуі, бұлда заңдылық. Осыған қарамастан скринингтік профилактикалық тексерулер нəтижесін беріп жатқанда, жоғары да аталған негізгі орналасуларда да скринингтік профилактикалық тексеру 50 жастан жоғары жүргізілсе. Онда ерте кезеңде анықтап, арнайы ем толық жүргізілсе жəне де бастапқы медициналық санитарлық деңгейде керекті мамандармен қамтып, қосалқы қазіргі заманғы жаңа құралдармен толықтырылса (рентгендік, ЭФГДС, УДҚ) өз нəтижесін береді деп ойлаймын. Осы тұрғыда, бұл мəселе 2011-2015 жылдарға арналған ҚР онкологиялық қызметті жетілдіру стратегиялық жоспарды орындауда маңызды орын алатынына күмəнім жоқ.

Скачать PDF: 2011.4.21_14_07.pdf

Ключевые слова: онкологическая смертность, южно-казахстанская область

Ссылка: Жұмағали Д.Ж. Онкологическая смертность в Южно-Казахстанской области. Онкология и радиология Казахстана, 2011, 21 (4), 71-72.

Ошибка: Контактная форма не найдена.