Роль морфологии в прогнозировании клинического течения рака молочной железы

ЕСЕНКУЛОВ А.Е.1 , КАЙДАРОВ Б.К.1 , ЕСЕНКУЛОВА С.А.1 , ИГИСИНОВ С.И.1

1. КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова

Тип: Тезисы

УДК:

Год: 2011 выпуск: 21 номер: 4 страницы: 101-101

Реферат: Жұмыстың мақсаты: сүт безі рагын (СБР) оның морфологиялық құрылысымен байланыстыра отырып, оған болжам жасау жолдарында пайдалану. СБР -. өте қауіпті қатерлі ісіктің біріне жатады. Себебі ол негізінен бөгелме ісік (БІ) беру арқылы науқасты тез арада өлімге душар етеді. СБР неше түрлі клиникалық ағымда кездеседі; оның кейбір түрі, кейде өте баяу өсіп, көпке дейін БІ бермейді, ал көпшілігінде тез арада өршіп, БІ ерте пайда болып асқынады, ал кейбіреулері арнайы емге төзімді болып ісік тез арада өршиді.. Осы көріністерді СБР-дың морфологиялық түрлерінен анықтауғажəне де оның алдын-ала болжамжасауға мүмкіншілік береді. Зерттеудің негізгі шартты мəселелері: СБР-дың морфологиялық түрлерінің жиілігін анықтау, Олардың өмірге қауіпті түрлерін ажырата білу, Морфологиялық түріне байланысты бөгелме ісіктің пайда болу жиілігін жəне олардың морфологиялық құрылысына байланыстылығын көрсету.
Жалпы СБРмен аурғандардың өмір сүру болжамындағы морфологиялық өзгерістердің рөлін сараптау, Тəжірибелік денсаулық сақтау жүйесіне дəйекті ұсыныс жасау. Жұмыстың мақсатына жету жəне осы сұрақтарға жауап алу үшін СБР дəлелденген жəне емделуге келген 250 науқас тесерілген, бұлардың бəрі 30-60 жас аралығындағы əйелдер.. Аурулардың барлығы морфологиялық жолмен зерттеліп, оның құрылысы анықталған (биопсия немесе хирургиялық операция арқылы) жəне олардың барлығына бірдей клиникалық тексеру əдістері қолданған. Сонымен 250 СБР-дің, 225 (90,0±2,0%) науқасына жайылмалы-инвазивті, ал 25-інде (10,0±2,3%) жайылмалы емес рак анықталған. СБР – 41 науқаста (16,4±2,3%) сүт безінің сүт жолдарынан, 109 жағдайда (83,6±%2,3%) сүт өндірілетін бөлімдерінен пайда болған. Пісіп жетілуіне сəйкес рак клеткалары жоғарғы деңгейде өніп өскені – 40 (16,0±2,3%) əйелде, орташа деңгейдегісі 70 (28,9±2,8%) науқаста, ал ең төменгі деңгейдегісі – 140 (56,0±3,0%) ауруда анықталған. СБР-дың морфологиялық түрлері сан алуан: безді -37 (14,8±2,2%), солидты – 88 (35,2±3,0%), скиррозды 43 (17,2±2,3%), солидты-скиррозды 57 (22,8±2,6%), сүт өзегінен шыққан шашақты – 14 (5,60±1,5%), медуллярлы – 4 (1,6±0,7%) жəне жылауықты (кистозды) – 7 (2,8±1,0%) түрлері дəлелденген.
БІ болуы жəне олардың жиілігі тікелей СБР-дың морфологиялық құрылысына байланыстылығы анықталған. СБР-дың жайылмалы түрі 75,0% жағдайда, ал жайылмалы емес түрі -25,0% БІ берген. Осыған байланысты аурулардың бес жылдық өмір сүру мерзімі де өзгерген – СБР-дың жайылмалы түріндегі аурулардың 24-26,0% ғана орташа есеппен емнен кейін бес жыл өмір сүрген, ал жаылмалы емес түрінде бұл көрсеткіш 3-4 есе жақсарған. Сонымен СБР-дың морфологиялық түрлері көп жəне олар неше түрлі жиілікте кездеседі. Оның сүт өндіретін бөлімдері (83,6%), сүт жолдарына (16,4%) қарағанда жиі жарақаттанады. СБР-дың басым көпшілігі жайылмалы (90,0%), ал сирек кездесетін түрі жайылмалы емес емес (10,0%) рак. БІ беру жиілігі тікелейморфологиялық құрылысқа байланысты – бірінші орында скиррозды рак, ол 70-79,0% ауруларда, ал ісіктің таза безді түрі 32,4%жағдайда БІ береді, Тек қана морфологиялық түрлермен болжам тоқталып қалмайды, ісік клеткасының пісіп жетілуіне де тікелей клиникалық ағымға əсерін тигізеді. Рак клеткасы 16,0% жаңдайда жоғары деңгейде пісіп жетіледі. де ол 30,0%, ал пісіп жетілмеген рак (56,0%) – 80,0% жағдайда БІ пайда болады, сондықтан оның бұл түрі өте қауіпті болып саналады.

Скачать PDF: 2011.4.21_14_17.pdf

Ключевые слова: рак молочной железы, морфология, прогнозирование клинического течения

Ссылка: Есенкулов А.Е. , Кайдаров Б.К. , Есенкулова С.А. , Игисинов С.И. Роль морфологии в прогнозировании клинического течения рака молочной железы. Онкология и радиология Казахстана, 2011, 21 (4), 101-101.

Ошибка: Контактная форма не найдена.