Авторлар үшін нұсқаулық

Қолжазбаны рәсімдеу бойынша авторлар үшін нұсқаулық:

Редакция онкологиялық қызметті ұйымдастыруға арналған, онкологиялық аурулардың эпидемиологиясына, ісік ауруларының алдын алуға, қатерлі ісік алды және ісік ауруларын диагностикалау, клиникалық онкология, радиология, эксперименталды онкология және радиобиология, онкологиялық қызметке психоәлеуметтік көмек сондай-ақ кадрларды дайындау мәселелеріне арналған теориялық, ғылыми-практикалық, әдістемелік мақалаларды, әдеби шолуларды, практикадан алынған жағдайларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жариялауға қабылдайды.

1. Мақаланы ұсыну
2. Негізгі бетті безендіруге қойылатын жалпы талаптар
3. Мақаланың көлемі
4. Мақаланың құрылымы
5. Зерттеу мақалалары мен әдебиеттік шолулардың мазмұнына қойылатын талаптар
6. Мақалаларды безендіруге қойылатын жалпы талаптар
7. Клиникалық жағдайларды ресімдеуге қойылатын талаптар
8. Пайдаланылатын дереккөздер тізбесін ресімдеуге қойылатын талаптар
9. Басылымның құны

1.Мақаланы ұсыну:

Барлық қосымшалармен бірге өңделетін форматтағы қолжазба (негізгі бет және мақаланың негізгі мәтіні – міндетті түрде; иллюстрациялар, кестелер және т.б. – болған жағдайда) электронды түрде мақаланы ұсыну жүйесі: https://ojs.oncojournal.kz/index.php / oncol- and-radiol-of-қазақстан / арқылы жіберіледі.

Мақаланы жіберу үшін жүйеге тіркеліп, сайттағы нұсқауларды орындау қажет. Келесі бейнелер (орыс тілінде) жүйеге тіркелу туралы толық нұсқаулар береді – https://youtu.be/RKPAmTDf3G4; мақаланы жіберуге – https://youtu.be/lXKiMz3a-gQ. Рәсімдеуге қойылатын талаптар төменде егжей-тегжейлі баяндалған және https://youtu.be/Kk4n7uazqjQ бейнеролігінде көрсетілген.

2. Негізгі бетті безендіруге қойылатын жалпы талаптар

«Титул» деп аталатын жеке файлда келесі міндетті ақпарат ұсынылады:

1. Мақала тіліндегі мәлімет:

  • Мақаланың атауы
  • Авторлардың толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, әр  автордың жұмыс орны (ұйымның толық атауы, қаласы, елі).

2. Қазақ тіліндегі мәлімет:

  • Мақаланың атауы
  • Авторлардың толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, әр автордың жұмыс орны (ұйымның толық атауы, қаласы, елі).
  • Аннотация
  • Кілт сөздер.

3. Ағылшын тіліндегі мәлімет:

  • Мақаланың атауы
  • Авторлардың толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, әр автордың жұмыс орны (ұйымның толық атауы, қаласы, елі).
  • Аннотация
  • Кілт сөздер.

4. Авторлардың деректері (мақала тілінде, барлық авторлар үшін міндетті түрде көрсету!):

  • Толық аты-жөні – ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс орны, телефоны, электрондық поштасы, ORCID
  • Корреспонденция үшін мекенжай: хат алмасу үшін автордың толық аты-жөні, ұйымның толық атауы және пошталық мекенжайы (немесе жеке пошталық мекенжайы)
  • Авторлардың қосқан үлестері: тұжырымдамаға қосқан үлесі – толық аты-жөні; ғылыми дизайнға – толық аты-жөні; мәлімделген ғылыми зерттеудің орындалуы – толық аты-жөні; мәлімделген ғылыми зерттеудің түсіндірмесі – толық аты-жөні; ғылыми мақала құруға – толық аты-жөні
  • Қаржыландыру:
  • Мүдделердің қақтығысы

Орыс және ағылшын тілдеріндегі мақалалар үшін 2 және 3-бөлімшелер сәйкесінше өзгертіледі (қазақ/ағылшын немесе орыс/қазақ).
Шетелдік авторлар үшін шығарылатын мәліметтер мен аннотацияларды қазақ тіліне аударуды журналдың редакциясы қамтамасыз етеді.

Негізгі  бет үлгісін осы жерден жүктеп алуға болады.

3.Мақаланың көлемі

Мақаланың ұсынылатын көлемі – титулдық парақ пен әдебиеттер тізімін есептемегенде 12 стандартты бетке дейін.

4.Мақаланың құрылымы

1.ӘОК (https://teacode.com/online/udc сайтында тексеруге болады).
2. Аннотация
Аннотацияға қойылатын талаптар: көлемі – мақала тілінде 300 сөзден аспауы керек. Аннотация құрылымы: өзектілігі, зерттеу мақсаты, әдістері, нәтижелері, қорытынды.
3. Кілт сөздер: 5-7 дара сөз, 2-3 сөз тіркесінен көп емес.
4. Мақала мәтіні.
Келесі бөлімдерді міндетті түрде бөліп көрсету керек: Кіріспе, Материалдар мен әдістер, Нәтижелер, Талқылау, Қорытынды. Бөлімнің атауы мәтінде қызыл жолдан бастап көрсетіледі және қалың қаріппен ерекшеленеді. Бөлімдердің арасына бос жол қосылады. Бөлімше тақырыптары курсивпен көрсетілуі мүмкін. Бөлімшелердің арасына бос жол қосылмайды.
5.Пайдаланылған дереккөздер тізімі (төменде қараңыз).

5. Зерттеу мақалалары мен әдеби шолулардың мазмұнына қойылатын талаптар

Кіріспе: проблеманың өзектілігінің маңызды еңбектерге, зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сілтемелері туралы қысқаша көрінісі.
Материалдар мен әдістер:материалды таңдау принциптері мен сипаттамалары, зерттеу дизайны, зерттеу көлемі, қолданылатын әдістер.Әрбір түпнұсқа мақалада (әлеуметтік-гуманитарлық бағытты қоспағанда) жабдықтар мен материалдардың шығу тегі, статистикалық мәліметтерді өңдеу әдістері және зерттеу нәтижелерінің репродуктивтілігін қамтамасыз етудің басқа жолдары көрсетілген зерттеу әдістемесі сипатталған.Жаңа әдістерді егжей-тегжейлі сипаттау қажет; бұрын жарияланған және белгілі әдістерді қолданған кезде, мақаланың мәтінінде авторды және / немесе әдістің атын көрсетіп, пайдаланылған дереккөздер тізіміне сілтеме беру керек. Этикалық стандарттарға сәйкестік туралы ақпарат көрсетіледі (авторлық құқықты сақтау, этикалық комиссияның зерттеу хаттамасын бекітуі, пациенттің саналы келісімінің болуы, пациенттердің жеке деректерін және кәсіби өзара әрекеттесу кезінде алынған басқа құпия ақпаратты жарияламау туралы ақпарат).
Нәтижелер: зерттеудің негізгі нәтижелері, ашылған заңдылықтар.
Талқылау: Алынған нәтижелерді отандық және шетелдік әдебиеттердегі мәліметтермен салыстыру.
Қорытынды:жұмыс нәтижелерін қорытындылау және алынған нәтижелерді қолдану бойынша ұсыныстар.

6.Мақалаларды безендіруге қойылатын жалпы талаптар

1. Қаріп – Times New Roman Cyr №14, жоларалық қашықтық – 1,5 аралық. Файл пішімі – MS Word, мәтін бір бағанда рәсімделеді.
2.Беттер төменгі жағының ортасына нөмірленуі тиіс.
3. Мақаланы жіберер алдында плагиатқа қарсы әрекетті тексеріңіз. Мәтіннің түпнұсқалығының ең төменгі пайызы: түпнұсқа мақалалар үшін – 80%, әдебиеттерге шолулар үшін – 50%.
4. Қысқартулар алғаш қолданылған кезде түсіндіріледі, әрі қарай мәтінде термин қысқартылған түрде қолданылады. Мысалы: «жатыр мойны қатерлі ісігі (ЖМҚІ)».
5. Математикалық формулалар сол жолдың шеткі оң жағында жақшаларда араб цифрларымен нөмірленеді. Формулаларда барлық элементтер нақты белгіленген: жол үсті және жол асты индекстері, әріп және сандарды жазу бойынша ұқсас жақшалар және кіші әріптер (мысалы: О – әріпжәне 0 – цифр).
6. Суреттер:

  • Суреттер де мәтінде қойылуы тиіс және бөлек файлдармен (міндетті!)*.xls, *.xlsx, *.eps, *.al,*.pdf, *.cdr, *.png, *.jpg, *.jpeg немесе *.tiff пішіндерде ұсынылады. Суреттері бар файлдардың атауы мақаладағы суреттерің белгілеуіне сәйкес келуі тиіс (мысалы: 1Сур. fig1),Суреттің ең аз рұқсаты – 300 dpi. Суреттің ең жоғары рұқсаты – 120×210 мм.
  • Мәтіндегі суреттерге сілтемелер жақша ішінде «сурет» сөзімен бас әріппен және нөмірмен жазылады (1-сурет);
  • Иллюстрация тақырыбы мәтіннің ортасына орналастырылады және мәтіннен бұрын және кейін қосымша шегіністермен бөлінеді. Мысал: 1-сурет – Динамика …
  • Егер иллюстрация басқа дереккөзден алынған болса, суреттің атауынан кейін әдебиеттер тізімінде төртбұрышты жақшада осы дереккөздің нөмірін көрсетіңіз. Мысал: 1-сурет – Динамика … [7].

7. Кестелер:

  • Кестелер араб цифрларымен ретімен нөмірленеді, кесте тақырыбы солға тураланады (мысал: 1-кесте – …);
  • Кестеге сілтеме мәтінде келтіріледі (мысалы: «1 кестеде деректер көрсетілген») немесе жақшалар ішінде нөмірі көрсетілген бас әріппен жазылған сөзбен рәсімделеді (1 кесте).
  • Кестенің мазмұны 1 интервал арқылы басылады, қаріп өлшемін кішірейтуге рұқсат етіледі;
  • 1-бағандағы мәліметтер сол жаққа тураланады, ал басқа бағандардағы мәліметтер орталықтандырылады.
  • Егер кесте басқа дереккөзден алынған болса, кестенің тақырыбынан кейін осы дереккөздің нөмірін әдебиеттер тізімінде төртбұрышты жақшада көрсетіңіз. Мысал: 1-Кесте – Жатыр мойны обыры бар науқастардың топтары [7].

Мәтінде кестені рәсімдеу үлгісі:

1- кесте –Жатыр мойны қатерлі ісігі бар науқастардың топтары

Иммунотерапия әдістері Науқастар саны
Абс. %
1. Бақылау тобы (иммунотерапиясыз) 12 40,0
2.ЭИФТ алған топ 9 30,0
3. ЭИФТ + плазмаферез алған топ 9 30,0

7.Клиникалық жағдайларды ресімдеуге қойылатын талаптар

  1. Клиникалық жағдайларды сипаттайтын мақалалар үшін мақалалардың негізгі бетіне және рәсімделуіне БАРЛЫҚ жалпы талаптар қолданылады. (жоғарыдан қараңыз).
  2. Клиникалық жағдайды сипаттау құрылымына қойылатын талаптар:

Кіріспе: бұрынғы жеке тәжірибені сипаттайтын қысқаша түйіндеме және әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, бұл жағдайдың неге бірегей екенін түсіндіру.

Науқас туралы мәлімет: науқас туралы, аурудың негізгі проблемалары мен симптомдары туралы дербестендірілген ақпарат.

Клиникалық мәліметтер: физикалық тексеру, клиникалық мәліметтер.

Диагностика:диагностикалық әдістердің деректері, диагностикалық проблемалар.

Емдеу: Емдеу түрлері, схемалары, дозалары, ұзақтығы көрсетіледі.

Нәтижелер:емдеу (диагностика) нәтижелерін бағалау; емдеудің төзімділігі.

Уақыт шкаласы: уақыт шкаласы (сурет немесе кесте) түрінде берілген медициналық көмектің осы эпизодына арналған деректер.

Талқылау: Сипатталған жағдайға көзқарастың күшті жақтары мен шектеулері, тиісті медициналық әдебиеттерді талқылау, қорытындылардың негіздемесі, негізгі сабақтар мен ұсыныстар көрсітіледі.

Пайдаланылған дереккөздер тізімі: («Қолжазбаларды ресімдеуге арналған жалпы нұсқаулар» тарауындағы талаптарды қараңыз).

8.Пайдаланылатын дереккөздер тізбесін ресімдеуге қойылатын талаптар

  • Библиографиялық сілтемелер дереккөздің бастапқы басылым тіліне қарамастан ГОСТ 7.1-2003 (http://docs.cntd.ru/document/1200034383) бойынша жасалады;
  • Егермақалада / кітап дереккөзінде doi болса, оны библиографиялық мәліметтерден кейін «doi: 10.xxx/…/…» форматында көрсетуіңіз керек. Егер мақаланың / кітап дереккөзі Интернетте бар болса, бірақ doi болмаса, соңында интернеттегі мекен-жайын көрсетіңіз;
  • Барлық сілтемелер авторлардың толық тізімімен рәсімделеді(жол берілмейді «…және т.б.);
  • Мәтіндегі библиографиялық сілтемелер тік жақшаға алынады: [1, 3, 5-7] және мәтінде ескерту ретімен нөмірленеді;
  • Әдебиеттер тізімінде дереккөздер мәтінде оларды еске алу ретімен орналастырылған;
  • Рұқсат етілген дереккөздер: соңғы 5-7 жылдағы отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, шолу мақалалары үшін – соңғы 10 жылдағылар;
  • 10-20 дан артық емес дереккөздерден, шолу мақалаларда – 50 дейін дерексөз алуға болады;
  • Өз-өзіне дәйексөз жалпы қолданылған дереккөздер тізімінен 30% артық емес болуы керек;
  • «Қазақстан онкология және радиологиясы» журналында бұрын жарияланған мақалаларға сілтемелер құпталады. (http://oncojournal.kz/arhiv/);
  • Интернет-сайттарға сілтемелер URL немесе DOI жарияланымы көрсетілгенғылыми интернет-ресурстарға және нормативтік құжаттарға ғана рұқсат етіледі;

          Бұл ережелер кез келген тілдегі дереккөздерге сілтемелерге қолданылатынын ескеріңіз!!!

Сілтемелерді рәсімдеу үлгілері

Кітап көздеріне сілтемелер

1. Агафонова Н.Н. Гражданское право: учебное пособие для вузов /под ред. А.Г. Калпина. – Изд. 2-е, пер. и доп. – М.: Юрист, 2003. – 542 с [Agafonova N.N. Grazhdanskoe pravo: uchebnoe posobie dlja vuzov /pod red. G. Kalpina. – Izd. 2-e, per. i dop. – M.: Jurist, 2003. – 542 s];

2. Гембицкий  Е.В. Нейроциркуляторная  гипотония…: руководство по кардиологии: в 5 т. /под ред. Е.И. Чазова. – М.: Изд-во Медицина, 1982. – Т. 4. – С. 101-117 [Gembickij  E.V. Nejrocirkuljatornaja  gipotonija…: rukovodstvo po kardiologii: v 5 t. /pod red. I. Chazova. – M.: Izd-vo Medicina, 1982. – T. 4. – S. 101-117];

3. Портер М.Е. Международная конкуренция / пер. с англ.; под ред. В.Д. Щепина. – М.: Международные отношения, 1993. – 140 с [Porter M.E. Mezhdunarodnaja konkurencija / per. s angl.;  pod red. D. Shhepina. – M.: Mezhdunarodnye otnoshenija, 1993. – 140 s];

4. Павлов Б.П. Батуев С.П. Подготовка водомазутных….. // В кн.: Повышение эффективности использования…… – Л.: Недра, 1983. – 216 с [Pavlov B.P. Batuev S.P. Podgotovka vodomazutnyh….. // V kn.: Povyshenie jeffektivnosti ispol’zovanija…… – L.: Nedra, 1983. – 216 s];

5. Паустовский К.Г. Золотая роза // Соч.: в 7 т. – М., 1984. – Т. 3. – С. 287-528 [Paustovskij K.G. Zolotaja roza // Soch.: v 7 t. – M., 1984. – T. 3. – S. 287-528].

Журнал көздері, конференцияның материалдары мен жинақтарына сілтемелер

6. Ефимов М.Л., Аскарова Г.С. Суточные биологические ритмы…. // Усп. совр. биологии. – 2003. – Т. 103, № 2. – С. 255-270 [Efimov M.L., Askarova G.S. Sutochnye biologicheskie ritmy…. // Usp. sovr. biologii. – 2003. – T. 103, № 2. – S. 255-270];

7. Георгиева Р.С. Изменения в системе свертывания крови ……// Вопросы экспер. и клин.онкол.: сб. науч. тр. Института онкологии и радиологии. – Алматы, 2004. – С. 214-217 [Georgieva R.S. Izmenenija v sisteme svertyvanija krovi ……// Voprosy jeksper. i klin.onkol.: sb. nauch. tr. Instituta onkologii i radiologii. – Almaty, 2004. – S. 214-217];

8. Баженов Л.Г., Кулинская ЛЛ., Сорочинская И.Н. Сезонные изменения….. // Тезисы докл. III Всес. конф. по хронобиол. и хрономед. – Ташкент, 1990. – 320 с [Bazhenov L.G., Kulinskaja LL., Sorochinskaja I.N. Sezonnye izmenenija….. // Tezisy dokl. III Vses. konf. po hronobiol. i hronomed. – Tashkent, 1990. – 320 s];

9. Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Матер.междунар. науч. конф. «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10-17 [Abuseitova M.H. Istorija Central’noj Azii: koncepcii, metodologija i novye podhody // Mater.mezhdunar. nauch. konf. «K novym standartam v razvitii obshhestvennyh nauk v Central’noj Azii». – Almaty: Dajk-Press, 2006. – S. 10-17].

Диссертация мен құжаттарға сілтеме

10. Пат. 5773 РК. Способ извлечения золота из синтетических ионитов /Г.А. Нечистых; опубл. 30.03.98, Бюл. № 6. – 4 с [Pat. 5773 RK. Sposob izvlechenija zolota iz sinteticheskih ionitov /G.A. Nechistyh; opubl. 30.03.98, Bjul. № 6. – 4 s];

11. А.с. 386018. СССР. Способ извлечения металлов /А.Г. Акатаев, Б.И. Петров; опубл 17.05.81, Бюл. № 15. – 2 с [A.s. 386018. Sposob izvlechenija metallov /A.G. Akataev, B.I. Petrov; opubl 17.05.81, Bjul. № 15. – 2 s];

12. Изучение кинетики и химизма процессов: отчет о НИР (заключительный) /ИМиО. АН Каз ССР: рук. Иванов С.А.; испол. Петров Н.И. – Алматы, 1985. – 240 с. – № ГР … – Инв. № 81047478 [Izuchenie kinetiki i himizma processov: otchet o NIR (zakljuchitel’nyj)  /IMiO. AN Kaz SSR: ruk. Ivanov S.A.; ispol. Petrov N.I. – Almaty, 1985. – 240 s. – № GR … – Inv. № 81047478];

13. Избаиров А.К. Нетрадиционные исламские направления: дис. … док.ист.наук: 07.00.03. – Алматы: ИВ им.Р.Б. Сулейменова, – 270 с. – Инв. № 0509РК00125 [Izbairov A.K. Netradicionnye islamskie napravlenija: dis. … dok.ist.nauk: 07.00.03. – Almaty: IV im.R.B. Sulejmenova,  2009. – 270 s. – Inv. № 0509RK00125];

14. Указ Президента Республики Казахстан. О некоторых вопросах ………: утв. 11 декабря 2006 года, № 220 [Ukaz Prezidenta Respubliki Kazahstan. O nekotoryh voprosah ………: utv. 11 dekabrja 2006 goda, № 220];

15. Стратегический план развития…………: утв. Указом Президента Республики Казахстан от 4 декабря 2001 года, № 735 [Strategicheskij plan razvitija…………: utv. Ukazom Prezidenta Respubliki Kazahstan ot 4 dekabrja 2001 goda, № 735] // minplan.kz. 28.12.2001;

16. ГОСТ Р 51771 – 2001. Аппаратура радиоэлектронная бытовая. Входные и выходные параметры и типы соединений. Технические требования. – Введ. 2002-01-01. – М.: Госстандарт Россия: Изд-во стандартов, 2001. – IV.- 27 с [GOST R 51771 – 2001. Apparatura radiojelektronnaja bytovaja. Vhodnye i vyhodnye parametry i tipy soedinenij. Tehnicheskie trebovanija. – Vved. 2002-01-01. – M.: Gosstandart Rossija: Izd-vo standartov, 2001. – IV.- 27 s].

9.Жарияланым ақысы

Бөгде авторлар үшін жарияланым құны – 20,000 теңгені, ҚазОжРҒЗИ қызметкерлері үшін 1 мақала құны – 10,000 теңгені құрайды.
«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ

А05А2В4, Алматы қ., Абай даңғ., 91
БСН 990240007098
KZ878562203115945613 KZT
KZ498562203213653233 USD
KZ938562203213653508 EUR
KZ538562203313653565 RUB

БСК (банк коды): KCJBKZKX
Банктің атауы «Банк ЦентрКредит» АҚ,
Алматы қаласындағы филиалы
Кнп 859
Кбе 16

Error: Contact form not found.