Мақаланы рецензиялау тәртібі

1. Журнал редакциясына келіп түскен барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде екі жақты соқыр рецензиялаудан өтеді.
2. Редакция рәсімдеу талаптарына сай, журналдың тақырыптық бағыттағы мақаласының сәйкестігін белгілейді.
3. Бас редактор, бас редактордың орынбасары немесе әкімшілік редакторы қолжазбаның ғылыми құндылығын айқындайды және кем дегенде екі рецензиялаушыны тағайындайды.
4. Мақалаларға пікір білдіру журналдың редакциялық алқасы мен редакциялық кеңес тарапынан, сонымен қатар мақала тақырыбына сәйкес ғылыми бағыттарда жұмыс жасайтын, осы саланың жетекші мамандар қатарынан тұратын сыртқы рецензенттер жағынан жүзеге асады. Бас редактордың ғылыми басылымдарының сараптамасын сыртқы рецензенттер тарапынан жүзеге асырады.
5. Мақаланың кез келген авторы жұмыс істейтін бөлімшенің қызметкері, ғылыми дәреже ізденушісінің ғылыми басшылары, рецензиялайтын жұмыстың авторы немесе авторласы рецензиялаушы бола алмайды.
6. Рецензиялау құпия түрде өткізіледі.
7. Сын пікір ғылыми мақаланы әділдікпен бағалауға тиіс және оның ғылыми, әдістемелік құндылығы мен кемшіліктерінің талдауын қамтуы тиіс. Рецензиялаушының қорытындысымен бірге редакцияның талаптарына сәйкес сын пікір беріледі: а) мақала жариялауға ұсынылады; б) ескертпелерді түзетуден кейін мақала жариялауға ұсынылады; в) қосымша рецензиялауға мақаланы беруге ұсынылады; г) жариялауға ұсынылмайды.
8. Рецензиялау процедурасы:
1) рецензент «Қазақстан онкологиясы және радиологиясы» журналының мақалаларды жіберу жүйесі арқылы электрондық пошта бойынша (https://ojs.oncojournal.kz/) журналда жариялануға ұсынылған мақалаға рецензент болып тағайындалғаны туралы хабарлама алады;
2) Рецензент хаттағы сілтеме арқылы мақаланы жіберу жүйесіне кіреді, рецензиялауға жіберілген материалдарды жүктейді және өз рецензиясын жүйеде қалдырады, қажет болған жағдайда редактор мен авторларға пікір береді. Егер редакциямен өзгеше келісілмесе, рецензия 5 жұмыс күні ішінде берілуі қажет;
Рецензияның үлгісі келесі адрес бойынша қол жетімді: жүктеу
Сонымен бірге үлгіге сілтеме рецензентке жолданған рецензиялау туралы өтініш хатында да бар.
3) егер бастапқы рецензияда ескертулер болса және автор тарапынан қайта өңделген мақала берілсе, рецензент автор аяқтаған мақаланы бағалауға және 5 жұмыс күні ішінде қорытынды беруге міндетті, егер редакция алқасымен басқаша келісілмеген болса.
Мақаланы жіберу мен рецензиялаудың онлайн жүйесін пайдалану бойынша толық нұсқаулық бейне форматында қол жетімді: https://youtu.be/1pMn5MrBmOQ
9. Өзгерістер мен толықтыруларды енгізу үшін авторға ескертпелері бар рецензия жіберіледі. Мақаланың авторы дәлелді түрде (ішінара немесе толық) жоққа шығара алады. Автордың аяқтаған мақала рецензиялауға қайта жіберіледі.
10. Мақалада берілген мәліметтерге қатысты автор(лар) мен рецензиялаушының арасында қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда, редакция алқасы мақаланы басқа рецензиялаушыға қосымша рецензия үшін жіберуге құқылы.
11. Редакция алқасымен сын пікірлер талқыланады, жариялау үшін мақаланы қабылдау немесе қабыл алмау туралы шешім қабылданады. Даулы жағдайларда түпкілікті шешімді бас редактор қабылдайды.

Рецензиялаушыға ескертпе

Құрметті рецензиялаушы!
«Қазақстан онкология және радиологиясы» атты журналға жіберілетін мақала үшін сын пікірді бере отырып, Сіздің ойыңызша, осы мақала жариялауға лайық (немесе лайық емес) екенін Сіз растайсыз.
Рецензия көлемі толығымен Сіздің тарапыңыздан анықталады, бірақ көлеміне қарамастан, ол барлық қажетті және объективті ақпаратты қамтуы керек.
Сіздің атыңыз бен ұсыныстарыңыздың жария етілмеуі журнал редакциясы кепілдік береді.
Кейіннен рецензияланған мақалаға өзге де ескертулер немесе түсініктемелер келетін жағдайда, онда Сіздің қалауыңыз бойынша Сіз хабардар боласыз.
Егер Сіз журналының сайтында көрсетілген электрондық поштасына біздің журнал жұмыстарының ұйымдастыруына қатысты өз ескертулер мен ұсыныстарыңызды жіберсеңіз, журнал редакциясы риза болады.
«Қазақстан онкология және радиологиясы» атты журнал редакциясы ынтымақтастық үшін шын жүректен Сізге алғысын білдіреді.

Error: Contact form not found.