Эпидемиология колоректального рака

ИГИСИНОВ С.И.1 , КАЙДАРОВ Б.К.1 , ЕСЕНКУЛОВ А.Е.1

1. КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова

Тип: Тезисы

УДК:

Год: 2011 выпуск: 21 номер: 4 страницы: 99-99

Реферат: Колоректальды рактың эпидемиологиялық ерекшелігін анықтау үшін Қазақстандағы 2006-2008 жылдар арасындағы мəліметтер сарапталған. Тоқ ішектің жиекті бөлігінің рагы (ТЖР) барлық қатерлі ісіктердің 9,4% құрайды. Ең жиі кездесетін жерлерге — Шығыс Еуропа, Австралия, Солтүстік Америка, Израиль, Жапония елдері жатады. Оңтүстік, Орталық Америкада, Африка жəне Азия елдерінде бұл ісік сирек кездеседі. Ресейде тоқ ішек рагы реттік саны бойынша 5-орында тұр, ал оның өзіндік үлесі жалпы қатерлі ісік ішінде 6,0% тең де, ал аурушаңдық көрсеткіші еркектер ішінде 16,9%ооо, ал əйелдер арасында — 15,9%ооо. Жалпы Қазақстан бойынша ТЖР аурушаңдық орташа (2006-2008 жж.) көрсеткіші 7,6%ооо-ке тең болса,ал оның əрбір облыстарында бір қалыпты тарамаған, еңжоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Батыс Қазақстан (10,5%ооо), Қарағанды (11,6%ооо), Шығыс-Қазақстан (11,8%ооо), Қостанай (12,1%ооо), Солтүстік Қазақстан (12,1%ооо), Павлодар (14,3%ооо) жəне Ақмола (14,3%ооо) облыстарында тіркелген, сонымен қатар ең төменгі көрсеткіш Оңтүстік Қазақстанда (2,3%ооо), Қызылорда (2,4%ооо), Алматы (3,3%ооо), Жамбыл (3,6%ооо), Атырау (4,2%ооо), Маңғыстау (4,2%ооо) облыстарында жəне Астана қаласында (7,5%ооо) анықталған. ТЖР Қазақстанның аймақтары бойынша аурушаңдық ерекшелігі, жоғарыдағы заңдылыққа сəйкес келеді. Оның ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның Шығыс (13,0%ооо), Орталық (10,3%ооо) жəне Солтүстік (12,1%ооо) өңірінде жəне Алматы (11,0%ооо) мен Астана (7,5%ооо) қалаларында анықталса, ең төменгі көрсеткіші — Оңтүстік (2,9%ооо) пен Батыс (6,3%ооо) аймақтарда тіркелген. ТЖР Шығыс аймақтағы аурушаңдық көрсеткіші, Оңтүстік өңірмен салыстырғанда 4,5 есе артық болған. Тік ішек рагы (ТР) — жер шарында көп тараған ісік ауруы, оның жиі кездесетін жерлері Австралия, АҚШ, Канады, Израиль, кейбір Еуропа елдері, соның ішінде Ресейде де бар. Тік ішек рагы, Рессейде барлық қатерлі ісіктердің 6,0% құрайды. Еркектерде 1,5 есе жиі байқалады. Жалпы Орта Азия елдері бұл аурумен сирек зақымданады. Республика бойыншаорта есеппен (2006-2008 жж.) ТР аурушаңдық көрсеткіші – 7,4%ooo тең, ең жоғарғысы — Қарағанды (10,3%ooo), Шығыс Қазақстан (10,9%ooo), Солтүстік Қазақстан (12,6%ooo), Қостанай (12,9%ooo), Ақмола (13,4%ooo) жəне Павлодар (13,4%ooo) облыстарында.
Төменгі деңгейдегі көрсеткіштері — Қызылорда (2,5%ooo), Оңтүстік Қазақстан (2,7%ooo), Жамбыл (3,5%ooo), Алматы (4,5%ooo) жəне Маңғыстау (4,8%ooo) облыстарында тіркелген. Алматы қалаласындағы ТЖР орташа аурушаңдық көрсеткіші 11,0%ooo тең болса, ол – Астанамен (6,7%ooo) салыстырғанда 1,6 есе жоғары. Қазақстан аймақтары бойынша ТР орташа аурушаңдық көрсеткіші де біркелкі емес, ең жоғарғы көрсеткішң — Орталық (9,4%ooo), Шығыс (12,2%ooo) жəне Солтүстік (12,7%ooo) аймақтарда анықталса, ал ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік өңірде (3,3%ooo) тіркелген. Оңтүстік өңірдегі елдердің ТР аурушаңдық көрсеткіші, басқа Қазақстан аймақтарымен салыстырғанда 3 есе аз. Ресейде де, Қазақстанда да тік ішек рагымен ауырған адам саны кейінгі жылдарда сəл де болса өсуде. ТР жас өскен сайын, оның меншікті үлесімен аурушаңдық көрсеткіші де өсуде, əсіресе 70-тен асқандарда, 40-49-дағыларға қарағанда, ісік 10 есе сирек анықталынады. Бұл айырмашылық сол өлкелердегі этностардың құрамы мен тағамдану ерекшелігіне байланысты, себебі Шығыс, Орталық жəне Солтүстік аймақтарда жергілікті ұлтың өзіндік салмағы, Оңтүстік жəне Батыс аймақпен салыстырғанда 2 есеге жуық аз, ал керісінше аурушаңдық көрсеткіші жоғары аймақтарда басқа еуропалық ұлтар басымболып отыр. Осыған байланысты тағам түрлерінің рөлі айқын көрініп тұр.

Скачать PDF: 2011.4.21_14_16.pdf

Ключевые слова: epidemiology of colorectal cancer

Ссылка: Игисинов С.И. , Кайдаров Б.К. , Есенкулов А.Е. Эпидемиология колоректального рака. Онкология и радиология Казахстана, 2011, 21 (4), 99-99.